Түнгі клубтың жанындағы кісі өліміне қатысты жаңа мәліметтер анықталды

480
Мәскеу түнгі клубы

Шымкент қаласындағы түнгі клубтың жанында болған кісі өлімі бойынша жаңа мәліметтер анықталып, қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәскеу түнгі клубы

 

19 шілде күні түнгі сағат 02:45 Абай полиция бөлімінің кезекшісіне түнгі клубтың жанында орын алған төбелес туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына келіп түскен жедел-тергеу тобы көкірек тұсына қарудан жарақат алған жас азаматтың денесін табады. Ол Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жедел ізкесушілер белгісіз тұлғаның төбелес кезінде травматикалық қарудан марқұмды атып, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады. Аталған жәйтке қатысты адам өлтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Тексеру барысында бұл қылмыстық ойын-сауық кешенінің қонақтары арасында туындаған жанжал салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлімі болған кезде клубта 100-ден аса адам болған. Барлығынан сұрақ-жауап алынды.

Бүгінгі таңда 4 адам қамауға алынды, оның үшеуіне қатысты (екеуі 28 және 25 жаста) қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, 29 жастағы полиция қызметкерінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Оған оқиға орнында болып, қылмыстың алдын алу үшін ешқандай әрекет етпеген деген айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер оқ атқан күдіктіні іздестіріп жатыр.