Қалалық №2 емхана жаңа мекенжайға көшті

782

Шымкенттегі № 2 қалалық емхана жаңа орынға коныс аударды. Аталмыш мекеме Асқаров көшесіндегі ғимараттардың біріне жайғасты. Бұрын бұл нысан перзентхана болатын. Қазір мұнда дәрігерлер қабылдау жүргізіп, жоспарлы жұмыстарымен айнасылып жатыр.

004

Ал жыл соңына дейін арнайы жабдықтармен жарақталып, зертханалық құралдармен қамтылмақ. Осылайша 3 қабатты емхана ғимаратында науқастар үшін барлық жағдай жасалмақшы. Халыққа сапалы қызмет көрсетуді арттыру  бағытында  атқарылып жатқан игі бастамалар жоспарлы түрде жүзеге асуда.