Қазақстан мен Ресей генералдары Шымкентте жиналды

335

Шымкентке Ресей Федерациясы қарулы күштерінің аңызына айналған атпал азаматтар келді. Әуе-десант әскерінің офицерлері мен генералдарын және арнайы жасақ өкілдерін әуежайдан күтіп алды. Олар Кеңес үкіметінің мемлекеттік халықтық қауіпсіздік комиссариаты және мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің ардагері Жүсіп Төлешовтің 93 жылдығына арналған слетке жиналып отыр.

001

Айтулы шара күні ертең Сайрам ауданына қарасты «Бүркіт» әскери-спорттық базасында өтеді. Онда парашютшілер секіріп, жекпе-жек шеберлері және оққағаларлар үшін арнайы шеберлік сабақтары көрсетіледі деген жоспар бар.

Азуын айға білеген әскерилердің бұл Шымкентке алғаш рет табан тіреуі. Солардың қатарында Кеңес үкіметінің аңызға айналған батыр отбасынан шыққан Александр Маргелов та бар. 1973 жылы алғаш рет әлемде жоқ тәжірибе көрсеткен ол ұшақтан әскери көлікпен секірген.

Маргелов Александр, Ресей федерациясының батыры: «Біздің басты мақсатымыз – болашағымыз сенімді жандардың қолында болуы. Сондықтан біз өз елімізде де осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз.»

Батырдың айтуынша, мұндай жиындар қарулы күштердің абыройын асқақтата түспек. Әрі сарбаздар қатарындағы жас жауынгерлердің жігерін жаниды.

Қонақтар арасында қарулы күштердің генералдары мен полковниктері жетіп артылады. Тіпті, 4 бірдей соғысты бастан өткерген нағыз батырлар Шымкент маңындағы слетте шеберлігін көрсетпек. Ауғанстан, Тәжікстанда талай мәрте тажал күресті көргендер осы жолы Оңтүстікте өз әріптестеріне әскери әдістеменің қыр-сырын тереңінен танықтпақ.

Чубаров Александр: «Менің ойымша, ардагерлердің жиынында көптеген күрмеуі күрделеніп келген мәселелерді шешетін боламыз. Әсіресе лаңкестікпен күресуде әскерилердің шымырлығын ширату керек. Бұл – қазіргі уақыттың талабы. Осы сияқты біраз мәселені қамтып, тәжірибе алмасатын боламыз.»

Көрші елдің офицерлері күні ертең «Бүркіт» әскери-спорттық базасында барлық шеберлігімен бөліседі. Азулы әскер жекпе-жектің түр-түрі мен оққағарлық әдістемеге де баулуға дайын.