Әскерге барасың ба?

511

Шымкент қалалық әскери комиссариатында күзгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Оған аталмыш мекеме басшылығы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, шекара қызметінің офицерлері мен әскер қатарына шақырылған жас жігіттер және олардың ата-аналары қатысты.

001

Жиын барысында борышын өтеуге аттанатындар үшін арнайы бейнефильм көрсетілді. Кейіннен мамандар әскери тәртіптің қатаңдығын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, шақырылушылардың денсаулығы және медициналық тексеру жайлы пайдалы ақпараттарды ұсынды. Соңғы кезде жас жігіттер арасында жүрек аурулары мен салмақсыздық жағдайлары жиі кездесетін көрінеді.

004

Енді тізімге іліккен 130-ға жуық әскер қатарына шақырылушы апта ішінде медициналық тексеруден өтуі тиіс. Егер барлығы ойдағыдай болса, қазан айынан бастап әскер қатарына қосылады.