«Ордабасыға» жаңа бас бапкер келді

355
"Басты мақсатымыз Евро лигаға жолдама жеңіп алу",- Бақтияр Байсеитов

Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев «Ордабасы» клубының жаңа бас бапкерімен шымкенттіктерді таныстырды. Ол – Бақтияр Байсейітов. Осыған дейін де Оңтүстікте жұмыс атқарған маман енді ордабасылықтардың дайындығын қолға алатын болады.

Күні кеше жергілікті команданың бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков өз еркімен қызметінен кетіп, команда жаттықтырусыз қалған еді. Көп ұзамай оның орнын отандық бапкер басты. Бақтияр Байсейітовтің бастауымен команда алғашқы матчына Ақтөбеге жол тартады.

 "Басты мақсатымыз Евро лигаға жолдама жеңіп алу",- Бақтияр Байсеитов

Бақтияр Байсейітов, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Шымкентке жұмыс бабымен қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Өйткені, Оңтүстік өңірі менің жаныма жақын. Ал командаға келер болсақ, «Ордабасының» алдына алғашқы үштікке кіру қажет деген мақсат қойылған екен. Сол жоспарды іске асыруға тырысамыз. Ал келесі жылдың евролигасына жолдама жеңіп алуымыз тиіс.»