Салықшылар кеденге байланысты жаңалықты түсіндіруде

214

Қырғызстаннан тасымалданатын тауарлар кеденнен кедергісіз өтеді. Мұндай мүмкіндік Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғыз елінің мүше болып кіруі есебінен туындап отыр. Енді тауар тасымалдаушылар сағаттап кезек күтіп, қомақты қаражат шығындамайды.

Одаққа енген елдерден тасымалданатын тауар салығы азайғанын жауаптылар базар-базарды аралап түсіндірді. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа мүмкіндітерімен таныстырды.

007

Қырғыз елінің еуроэкономикалық одаққа енгені сол екен, кедендегі қатаң тексеріс алынып тасталды. Бірақ бұл – мемлекет тасымалданатын өнім қадағалаусыз қалды деген сөз емес. Тек тауарға төленетін салық енді өндірілген орыннан өтеледі. Мұндай жаңалықты мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жергілікті базар саудагерлері мен кәсіпкерлерге хабарлады. Сөздеріне сенсек, халықаралық бастама еліміздегі бастауыш және орта кәсіпкерліктің ден қойып, дамуына сеп болады.

Енді саудагерлердің шаруасы да анағұрлым жеңілдемек. Олар тиісті мкекемеге есеп-қисапты, өзге де маңызы мол құжаттарды электронды үлгіде тапсырады. Бұл оңтайландырылған шешім құжатбастылықтан арылып, сандалудан және Қырғызстанда бір күн болса да бір күн бос тұрақтаудың алдын алмақ.

Түсіндіру жұмыстары аясында жаңа бастамаларды, жоспарды таныстырған мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кәсіпкерлер мен саудагерлерге қай кезде де көмек қолын созуға дайын екендерін ерекше атап өтті.