Шымкенттегі газ құбырларын жаңарту 2016 жылы аяқталады

318
Шымкенттегі газ құбырларын жаңарту жұмыстары келер жылы аяқталады. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының директоры Нұрдәулет Үмбетәлиев мәлімдеп, өзі жетекшілік ететін ұйымның алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.
009
Филиал басшысы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тартылған газ құбырларын ауыстыру жұмыстары өңірде 2010 жылдан бері жүргізіп келе жатқанын айтты. Бүгінде Шымкенттегі газдандырылған үйлер саңының артуына байланысты қарапайым тұрғындар тарапынан өтінімдер саны артып келеді. Облыста орта есеппен күн сайын апаттық-диспетчерлік қызметтер 70-тен 100-ге дейінгі өтінімді қабылдайды. Алдағы уақытта Шымкент қаласының Қаратау, Еңбекші, Абай аудандарында апаттық-диспетчерлік қызметтің учаскелерін ашу жоспарлануда.
Биылдың алғашқы жарты жылдығында тұтынушы тұрғындар саны – 240474, коммуналдық, тұрмыстық мекемелер – 6064, өнеркәсіптік кәсіпорындар саны 657-ні құраған. Жыл басынан 458 683 мың текше метр газ тасымалданып, абоненттерге жеткізілген.
Осы және саладағы өзге де атқарылған жұмыстар жайын кеңінен баяндаған Н.Үмбетәлиев тұрғындарды сапалы көгілдір отынмен қамту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасын табатынын мәлімдеді.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі