Сығымдау жұмыстары басталды

178

Шымкетте қысқы жылыту маусымының басталуына екі айдай уақыт қалды. Ал тұтынушылардың жылу-энерго орталығына берешегі  бір миллиард тенгеден асып кеткен.

007

Сол себепті аудан әкімдіктерінің мамандары тұрғындардан төленбей қалған ақшаларын төлеп, ертерек көп қабатты үй жүйелерін сығымдаудан өткізуге шақырады. Еңбекші ауданы бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне 500-ден астам үй қосылған.

320 үйдің тұрғындары қысқа қамданып, жертөлелеріндегі құбырларды реттеп қойдық деп отыр. Олар аудандағы арнайы құрылған пәтер иелерінің кооперативімен келісім-шартқа тұрса, ол мекеме қыс бойы қызмет көрсетуге міндеттеледі.