Тілшілер арасында теннис турнирі өтеді

378

Шымкентте БАҚ өкілдері арасында Конституция күніне орай теннистен турнир өтеді. Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында ұйымдастырылған брифингте Қазақстан Республикасы теннис федерациясының Шымкент филиалының директоры Валерий Шайбаков пен ұлттық теннис орталығының менеджері Гауһар Молдабекова хабарлады.

006

Конституция күніне орай Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында теннистен «Shymkent Mass Media Cup» турнирі ұйымдастырылып отыр. Мұндағы басты мақсат – Ата заңымыздың 20 жылдығы қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық теннис орталығы мен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты дамыту, тұрғындар мен жастардың тенниске деген қызығушылығын арттыру.

Журналистер арасында өтетін спорттық сайыс командалық құраммен олимпиадалық жүйе арқылы өтпек. Бауыржан Момышұлы даңғылы бойында орналасқан ұлттық теннис орталығы турнирге дайындық жұмыстарын жүргізу үшін тегін корттар беріп, қолына қалам ұстаған жандардың жан-жақты дайындалуына мүмкіндік жасамақ.

Жалпы аталған сайысқа қатысуға ниетті БАҚ өкілдері 28 тамыз кешкі сағат 17:00-ге дейін 21-49-24, 30-11-87 телефоны арқылы өтінім білдіруіне болады.

Турнир 29 тамыз күні ұлттық теннис орталығында өтеді.