Газға қарызы бар абоненттер өшіріледі

467
Табиғи газ

Табиғи газШымкентте табиғи газдан борышы бар абонеттер өшіріледі. Газ таратушылар былтырғы жылу беру маусымында тұтынған көгілдір отын үшін ақы төлемеген азаматтарды жүйеден ажыратуға мәжбүр.

Мұндай жағдайға алғашқылардың бірі болып Мирас шағынауданындағы абонеттер ұшырады. Мысалы, мұндағы бір үй газ таратушыларға 134 мың теңге қарыз. Ал мұндағы 20-ға жуық абоненттен қордаланған қарыз сомасы 1 млн теңгеден асып жығылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jNL_PQZBAdM[/youtube]

Енді табиғи газға қайта қосылу үшін бұл абонеттер бұл берешектерінен бөлек 21 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. «ҚазТрансГаз Аймақ» өндірістік филиалының басшылығы мұндай қадамға баруға азаматтардың жауапсыздығы итермеледі деп отыр. Қордаланған қарыз дер кезінде төленбесе, борышкерлердің ісі сотқа да жолданбақ.