Оңтүстіктегі көліктің 30 пайызы Шымкентте жүр

385
Шымкент. Автокөліктер
Шымкент. Автокөліктер

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 545 мыңнан астам көлік бар. Соңғы төрт жылда машина саны 267 713-тен 545 477-ге өскен. Бұл өңірдегі көлік санының екі есе көбейгенін көрсетеді.

Шымкент. Автокөліктер
Шымкент. Автокөліктер

Жалпы, облыстағы көліктердің 30 пайызы Шымкент қаласында тіркелген. Қазіргі таңда қалада жолаушыларды тасымалдайтын 81 бағытта 1200 қоғамдық көлік қатынайды.

Шымкент. Автокөліктер
Шымкент. Автокөліктер

Соңғы жылдары қалаішілік автобустарды жаңалау жұмыстары қолға алынды. Мысалы, қалада 2013 жылы – 162, 2015 жаңа 167 қоғамдық көлік жеткізілсе, биыл көлік компанияларының паркі жаңа 210 автобуспен толықты. Бүгінде Шымкент қаласындағы 29 көлік компаниясы күніне орта есеппен 400 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп келеді.