Журналист пен прокурордың соты аяқталған жоқ

398
Журналист Рамзия Юнусова
Журналист Рамзия Юнусова

«Прокурорлық миллиондар» тақырыбында басылымға шыққан мақала бойынша сот жалғасуда. Алғашқы сатыдағы сотта шардаралық прокурордың талабы қанағаттандырусыз қалдырылып, тілші құқық қорғаушыға жала жаппады деген шешім шыққан болатын.

Журналист Рамзия Юнусова
Журналист Рамзия Юнусова

Алайда қадағалаушы орган өкілінің қорғаушысы апелляциялык шағым түсірген. 11 қыркүйекте облыстық сотта ашық сот процесі өтті. Бірақ Шардара ауданы прокуратурасының өкілі Талғат Сейдуалиевтың қорғашысы сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсылық білдірді.

Сондай-ақ бұл кезекті сот отырысында істі толыққанды қарау қайта ұсынылды. Әрі мақаланы зерттеу үшін арнайы мамандар қажет деген талап қанағаттандырылды.