Қарт кісі адасып кетті

378
Клавдия әжей

Шымкентте қарт кісі адасып кетті. Оқиға күндіз болған. Жасы 65-70 шамасындағы кейуананы Төреқұлов көшесінің тұрғындары байқапты.

Клавдия әжей

Өз атын есіне түсіре алмай тұрған бұл қария үйінен адасып кетіпті. Бар білетіні, шаштаразға барып, шашын қысқартқан. Одан кейін сыртқа шыққанда үйін ұмытып қалған болуы мүмкін. Жақын маңдағы үйлердің бірінің қақпасын қағады. Абырой болғанда көше тұрғындары әжейден шошынбай, жанашырлық танытыпты. Үйлеріне кіргізіп, шәй берген. Содан кейін полицияға хабарласыпты.