Úı Jańalyqtar Өзгеге өмір сыйлаудан шет қалмаңыз

Өзгеге өмір сыйлаудан шет қалмаңыз

Донор

Шымкетте «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтіп жатыр. Қиындыққа тап болып, түрлі ауруға шалдыққан науқастарға көмек ретінде ұйымдастырылған шара сағат 10:00-де облыстық қан орталығында басталды.Донор

Донор — өз қанын науқасқа бере отырып, өзгеге өмір сыйлайтын адам. Ол 18 жастан асқан, дені сау, медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға ерікті азамат болуы тиіс. Аталған акцияға барша оңтүстікқазақстандықтарды қан тапсыруға шақырамыз.