Анарбек Орман: «Қаланың экологиялық жағдайы алаңдатады»

683
Шымкент экологиясы

Шымкент қалалық әкімдігінің мәжілісінде үлкен мәселе қаралды. Ол – қала тұрғындарын ауызсумен қамту. Халыққа тіршілік нәрін жеткізіп отырған «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-нің басшылары көкейтесті сауалдарды жайып салды.

Шымкент экологиясы

Мамандарды шаһар экологиясы алаңдатады. Себебі республикадағы үшінші қала саналатын Шымкентте 100 мың жеке үй болса, соның бар болғаны 10 мыңы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған. Ал өзгелері қаланың ауасын ластауға «үлестерін» қосып жатқан көрінеді.

Анарбек Орман

Анарбек Орман, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС директоры: «Сонда қалған 90 үйдің маңында не болып жатқанын елестетудің өзі қиын. Сіздің жұмысыңызға сәттілік тілеймін, Шымкентті көркейту керек деп жатырсыз. Бірақ, осы кәріз желісі мәселесін тезірек шешпесек, экологиялық проблемаға айналуы мүмкін.»

Бұл мәселе бойынша да қаулы қабылданып, су және кәріз жүйесіндегі проблемаларды шешу жолын қарастыратын жұмысшы тобы құрылатын болды.

Нұрлан Жаңабай