Мәртөбе тұрғындары қоқыстан көз ашпай отыр

760
Мәртөбе

«Ауылымызды ластауға жол бермейміз!» Мәртөбе, Достық және Таскен ауылдарындағы жұртшылық осылай айқайға басты. Сайрам ауданынан қаланың қарамағына өткен Мәртөбе елдімекенінің халқы сол маңайдағы қоқыс алаңы жабылсын деген талабын әлі күнге айтып әуре болып жүр.

Мәртөбе

Жергілікті биліктен әбден көңілі қалған жерлестеріміз осындай қадамға баруға мәжбүр. Қаланың жаңа басшысының көңілін аударып, ауыл маңындағы қалдықтан құтыламыз ба деген армандары. Бұған дейінгі шаһар басшылары қарапайым халықтың жан айқайын шыбын шаққалы көрмепті.

Қоқыс полигоны Мәртөбе ауылынан бар болғаны 314 метр жерде. Бұған қоса сол маңда мұсылман және христиан қорымдары да бар. Көпшіліктің шағымын саралаған экология басқармасының мамандары осында қоқыс төгуге берілген эмиссиясын кері қайтарған. Бірақ сот орындаушылары соттың шешімін созбаққа салып жүр дейді көпшілік.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yHH1LKH4Gqs[/youtube]

5 гектар алқапты қоқыс алаңына айналдырған шенеуніктердің де айтар уәжі бар. Сөздеріне сенсек, 117 мың гектар Шымкентте қатты тұрмыстық қалдық тастайтын жер тапшы. Енді атқамінерлер өзге төңіректен арнайы жер қарастырғанша мәртөбеліктер қолқаны қабатын иіске шыдай тұруға мәжбүр болады.

Нұрлан Жаңабай