Оңтүстіктің әкімдігі спорттық ойындарда үздік

236
Жалпы командалық сынақта ОҚО бас Кубокты жеңіп алды, фото ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан

Шымкентте өткен облыс әкімдіктері арасындағы республикалық спартакиаданың жеңімпаздары белгілі болды. Биыл спорттың 9 түрінен 16 команда сынға түскен болатын. Олардың арасында Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері де бар.

Демалыс күндері отандастарымыз сынға түсіп, чемпиондар анықталды. Нәтижесінде жүзу, баскетбол, шағын футбол, армреслинг жән жеңіл атлетикадан Оңтүстік әкімдігінің мамандары үздік танылып, жалпы командалық есепте жерлестеріміз бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында Ақтөбенің құрамасы болса, батысқазақстандықтар алғашқы үштікті қорытындылады.

Облыс әкімдіктерінің қызметкерлері екі күн бойында спорт алаңында сынға түсті, фото дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан
Фото дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан

Оңтүстік Қазақстанның қоржынында  158,5 ұпай бар. Ақтөбеліктер 138 ұпайға қол жеткізсе, алғашқы үштікті қорытындылаған батысқазақстандықтар 137 ұпайды жеңіп алды.

батыс-Қазақстандықтар алғашқы үштікті қорытындылады, фото дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан
Батысқазақстандықтар алғашқы үштікті қорытындылады
Шымкенттіктер спорттың 5 түрінен чемпион атаны, фото дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан
Шымкенттіктер спорттың 5 түрінен чемпион атаны
Ақтөбеліктер алаң қожайындарынан кейінгі орынды қанағат етті, фото дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан
Ақтөбеліктер алаң қожайындарынан кейінгі орынды қанағат етті