Ретсіз саудаға қарсы рейд басталды

361
Ретсіз сауда

Шымкентте заңсыз саудамен күрес жалғасып жатыр. Әл Фараби аудандық әкімдігі қызметкерлері мен полиция өкілдері құрылыс материалдары сатылатын сауда орындарына тексеру жүргізді.

Ретсіз сауда

Рейд шаралары алдымен ескі қалашық маңындағы сауда қатарларынан басталды. Саудагерлер құрылыс заттарын дүкеннің сыртына дейін шығарып, тіпті, «қызыл сызықтан» асырып жіберген. Ретсіз саудаға жол берген кәсіпкерлер бір емес, бірнеше рет ескерту алса да елемей келген. Бұл жолы айылын жимай отырған саудагерлер айыппұлға тартылды.

Ретсіз сауданы ауыздықтауға арналған рейд Рашидов көшесіндегі әрі қарай жекелеген дүкендерде жалғасты. Бір-бірімен иін тіресіп, қатар орналасқан бұл дүкендерде де құрылыс заттары сатылып жатыр. Ретсіз саудамен күресушілер рұқсат етілмеген жерде қыз-қыз қайнаған сауданың үстінен түсті. Заңсыздыққа жол берген кәсіпкерлер осымен бірнеше рет 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеп, құтылып келеді.