Жаңа жылдан бастап электр қуаты қымбаттайды

236

FFFFFFFFFFFFFFFFFFFFFЖаңа жылдан бастап электр қуаты қымбаттайды. Сала мамандары мұны қосалқы стансаларды жаңалауға кететін шығындармен байланыстырып отыр. Себебі, облыс жұртшылығын жарықпен қамтып отырған нысандардың тозығы жеткен. Жауаптылар электр желілері дер кезінде қалпына келмесе, қуат сөніп, апатты жағдайлар орын алуы мүмкін,- дейді.
«Цементная» 110 деп аталатын облыстағы ең ірі қуат таратушы қосалқы станса 1987 жылы іске қосылған. Қазір нысанның  қысқа тұйықтағыш аппараттары мен қондырғылары әбден ескіріп, тозығы жетіп тұр. Мамандар мұндағы ажыратқыштардың тіпті бүгінде қолданыстан шыққанын айтады. Сондықтан да оларды заманауи қондырғаларға ауыстырудың уақытты жетті,- дейді жауаптылар.
Ұзындығы 18,6 шақырымды алып жатқан «Л-Ақжар» желісі бүгінде Ақжар, Ақтас елдімекендерінің тұрғындары мен бірнеше әлемуеттік маңызы бар нысандарға электр қуатын таратып отыр. Бұл желілер де жиі істен шығады. Ал зақымданған мына темірбетонды бағаналар халықты жарықтан айырып қана қоймай, апатты жағдайларға да себеп болуы мүмкін,- дейді мамандар. Сондықтан, бұл желілер жаңартылуы тиіс нысан ретінде инвестициялық бағдарламаға еніп отыр. Алайда, жөндеу шығындары өз кезегінде тұтынушылар қалтасына да салмақ салғалы тұр.
Айта өтейік, жылдан жылға электр қуатына деген сұраныс та артып келеді. Сала мамандары мұны халық санының артуымен және соңғы кездері іске қосылған кәсіпкерлік нысандардың көбеюімен байланыстырады. Сондықтан мамандар электр қуатын өзге өңірлерден тасымалдауға мәжбүр.
Айта кетейік, биыл мемлекет тарапынан модернизациялық жұмыстар үшін «Оңтүстік жарық» ЖШС-іне  бөлінген қаржы 35 млн. теңгені құрап отыр. Соған қарамастан, келер жылы тариф тағы қымбаттағалы тұр.