Журналист Рамзия Юнусованың ісі келісіммен аяқталды

157
Рамзия Юнусова

Журналист Рамзия Юнусованың ісі екі тараптың татуласуымен аяқталды. Бүгін облыстық соттың аппеляциялық алқасында журналист Рамзия Юнусованың үстінен жүрген сот процесіне ақыры нүкте қойылды.

Рамзия Юнусова

Тілшіге Шардара ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиевке жала жапты деген айып тағылған болатын. Енді екі жақ келісімге келіп отыр.

Еске салайық, Рамзия Юнусова БАҚ бетінде «Прокурорские миллионы» мақаласын жариялап, онда Астана қалалық сотының шешімімен Шардара аудандық прокурорынан 68 миллион теңгеден астам банкке берешегі мен 1 миллион теңгеге жуық сот шығындары өндірілгенін жазған.

Прокурор журналистің үстінен арыз жазып, оны жала жапты деп айыптаған. Алғашқы сот журналистің әрекетінен қылмыс құрамынан тапқан жоқ. Дегенмен, арызданушы апелляцияға шағымданады.

Екінші сатыдағы сот кезінде  мақалаға филологиялық сараптама жасалып, прокурордың ар-намысына нұсқан келгенін анықтады. Дегенмен, «Әділ сөз» қоры мен Юнусованың мақаласы жарияланған басылымдардың заңгерлерінің қолдауымен тілші өзінің жазабсы дұрыс екенін анықтаған.

Енді, міне, екі тарап келісімге келіп отыр.