Қала бюджеті нақтыланды

289
Қалалық мәслихат

Қалалық мәслихаттың депутаттары 2015 жылғы шаһар бюджетін соңғы рет нақтылап, өзгерістер енгізді. Кезектен тыс 52-сессияға жиналған халық қалаулылары бағдарлама әкімшіліктерінің үнемдеген қаражатын қайта бөлді.

Қалалық мәслихат

Биылғы бюджеттің кіріс көзінде өзгеріс жоқ, тек үнемделген 100 млн теңге қайта бөлінді .53 млн теңге қаладағы 160 қазандықтың құрылысын аяқтауға бағытталса, өзге қаражат бұрын басталған әлеуметтік нысандарды аяқтауға жұмсалады.

2015 жылғы бюджет 83 млрд теңгені құрады. Ал өткен жылғы қала қоржынындағы қаржы 79 млрд теңге болған. Шымкент республикадағы үшінші қала саналатындықтан, миллионға жуық халқы бар шаһарға бөлінетін қаржы да бүгінгіден әлдеқайда артық болуы тиіс. Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымын жасаған қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымовтың пікірі осы.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 52 сесиясынан кейін депутаттар, әкімдік қызметкерлері, жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауын тыңдады.

Нұрлан Жаңабай