Алғашқы қадамнан танымалдылыққа дейін

464
Жарқынбек Түсіпбек

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Алғашқы қадамнан танымалдылыққа дейін» атты семинар болып өтті. Бұл тақырыпқа «Мұнара.кз» сайтының бас редакторы Ерлан Оспан әңгіме өрбітіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Ерлан Оспан

Семинарда жұртшылықты әлі де ойландырып келе жатқан блог, оның сайттардан айырмашылығы мен әлеуметтік желіде тіркелген адамның блогер болып есептелуі, блог қажеттілігі мен оның қаржылық аспектілері туралы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, желідегі әдептілік талаптарын орындау, ақпараттың рас-өтірігін тексеру жөнінде мысалдар келтірілді.

Жарқынбек Түсіпбек

Бұдан кейін кәсіби журналистика төңірегінде саясаттанушы, сарапшы, «Нұр Отан» партиясы ақпараттық мониторинг бөлімінің басшысы Жарқын Түсіпбек «Аналитикалық жанр және салалық журналистика» тақырыбына тоқталды. Қазіргі таңда сараптамалық мақалалар мен қоғамдық пікірге қалай мониторинг жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Семинарға қатысушылар

Аналитикалық жанр түрлеріне жататын редакторлық баған, мақала, рецензия, рейтинг, журналистік зерттеудің әлі де жеткіліксіз екендігін айтып өтті. Әсіресе салалық журналистикада саяси, халықаралық, ғылыми, спорттық, іскерік тақырыбында тереңінен қаузайтын БАҚ өкілдерінің тапшы екеніндігіне тоқтала кетті.

Семинар

Қысқасы, бүгінгі таңдағы журналистика мен блогиаданың тығыз байланысты әрі тоғысатын жері мен жылдам ақпарат берудің қыр-сыры туралы айшықты семинар болды. Соңынан қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жансая Сыдықбай