Шымкентте жаңа қазандық іске қосылады

622
Жаңа қазандық

Коммуналдық салаға қатысты тағы бір жағымды жаңалық. Шымкентте республикада баламасы жоқ қазандық іске қосылмақ. Құны 3 миллиард тенгеден асатын жылу тарататын бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыгүні жауратпайтынына жауаптылар сенімді. Оның құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған болатын. Алдағы желтоқсан айында қолданысқа беріледі.

Жаңа қазандық

Бұл алып қазандық алдағы маусымда жаңа әкімшілік іскерлік орталығын жылумен де, жылдың төрт мезгілінде ыстық сумен де қамтамасыз ете алады. Германиялық қондырғылардың құны қымбат болғанымен, №3 энергоорталықтың қызметін толықтай атқаратын мүмкіндігі бар.

Жаңа қазандық

Мамандар алдамен қазандықтағы 5 жылытқыштың тек екеуін ғана іске қоспақ. Олар Шымкент қаласының шығыс бөлігін толығымен жылумен сапалы түрде қамтимыз деп отыр. Ал қалған жылытқыштар қажетілікке қарай іске қосылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vopyzNK41us[/youtube]

Болашақта Шымкент қаласында дәл осындай тағы бір қазандық салынса, қала тұрғындары да, әлеуметтік нысандар да жекенің қолындағы №3 энергоорталық сияқты жеке мекемеге тәуелді болмайды. Ең бастысы, жаңадан қосылады деп үміт артып отырған құрылғы сынақтан жақсы өтсе болғаны.

Нұрлан Жаңабай