Төрт адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші 2 айға қамауға алынды

228
Мұрат Тәнкеев

Бүгін белгілі болғандай, төрт адамның өмірін жалмаған жол апатына кінәлі жүргізуші екі ай қамауға алынды. Осы уақыт аралығында қылмыстық іс жіті тергеліп, сот үкім шығаруы керек.

Мұрат Тәнкеев

Қайғылы жағдайға себепкер көліктің жүргізушісі Тәнкевке қатысты қылмысты кодекстің 345-бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санкцияны Әл Фараби аудандық соты шығарды.

Прокурордың сөзінен кейін, кінәлі көлік жүргізушінің қорғаушысының талап-тілегі тыңдалды. Тектері бір Тәнкеевтер заңды шешім қабылдауды сұранды. Ал сот залында сөз алған Бауыржан Тәнкеев марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады.

Мұрат Тәнкеев, күдікті: «Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Қайтыс болғандардың туыстарынан кешірім сұраймын. Марқұм Бекзатты көргенмін. Басқа қайтыс болған адамдардың суреттерін де көрдім. Әлі күнге бейнелері көз алдымнан кетпейді. Туыстарынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын.»

Еске салайық, Байтұрсынов көшесінде Лексус автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Ауди көлігін соққан болатын. Қатты соққыдан екінші көліктегі 4 адам оқиға орнында мерт болған еді. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде де қызу талқыға түсті.

Ернар Балабеков