Жастар есірткіге қарсы

1363
Жастар есірткіге қарсы

«Есірткіге жол жоқ.» Оған еліткендер ел ертеңін бұлғайды. Осылай деп ұрандатқан Шымкент жастары Әл Фараби алаңына жиналып, арнайы акция өткізді. Шараға қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, замандастарын нашақорлықпен күресуге шақырды.

Әл Фараби алаңына жиналған жастар ашық аспан астында ғасыр дертіне қарсылықтарын білдірді. Елдің болашағына балта шабатын нашақорлықтан аулақ болуға замандастарын шақырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір жанның міндеті екенін түсіндірді.

Жастар есірткіге қарсы

Елімізде нашақорлыққа салынған елу мыңнан аса азамат ресми тіркеуде тұрады. Оның басым бөлігі жастар. Жыл санап есірткіге тәуелділердің қатары көбеюде дейді мамандар. Ал құзырлы орган өкілдері тәркілеген анашаның көлемі бұрынғы жылдармен салыстарғанда артып отырғанын айтады.

Жастар есірткіге қарсы

Жастар жат қылықтың соңы жақсылыққа апармайтынын арнайы көрініс арқылы сомдап берді. Бір сәттік ләззат жас ғұмырын астаң-кестең еткенін бейнеледі. Есіріткіге елітіп, есі кеткендер анасында құрбандыққа шалатынын көрсетті.

Егеменді елдің ертеңін есті етіп тәрбиелеу – қоғам міндеті. Осыны ескергендер есірткеге қарсы шараның санын арттыруды көздеп отыр.

Лаура Мамырова