«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы қорытындыланды

343
«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы

Бүгінгі таңда жастардың арасында есірткі заттарының таралуына жол бермеу – оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің бірі болып отыр. Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастардың арасында есірткі заттарының таралуына жол бермеу, нашақорлыққа сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған «Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясын қорытындылады.

«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы

Бұл ауқымды іс-шара Қазақстан ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес денсаулық сақтау басқармасы, қалалық, аудандық әкімдіктерінің ішкі саясат, білім беру бөлімдері, жастар ресурстық орталықтарының және «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы

Акциялар әртүрлі мақсатты топтарға, әсіресе, студенттер мен оқушыларға арналған. Себебі, жасөспірімдер мен жастар әртүрлі деструктивтік әсер етудің алдында әлсіз болуына байланысты.

Республикалық акцияның шеңберінде 500-ге жуық алдын алу іс-шарасы, байқаулар, семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, облыстық 30-ға жуық оқу орындарының қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізілді. Барлық акцияға полицейлермен қатар Қазақстан спортының жұлдыздары, мәдениет қайраткерлері, әншілер де белсенді қатысып, дәрігер-наркологтар мен психологтар, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары тартылды. Жалпы, аталған іс шараға 23 мыңнан астам адам қатысты.

«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы

Акцияның соңғы жағында полиция қызметкерлері М.А.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің студенттері және қалалық мектеп оқушыларымен кездесті. Полицейлер жастарға есірткі заттарын тұтынудың зиянын, оны өсіру мен сақтаудың жауапкершілігі үлкен екенін және ол заңда қарастырылғаны туралы ауқымды әңгіме жүргізді.

«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы

Сондай-ақ студенттер мен оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жиналған жастарға тәртіп сақшылары нашақорлықтың зияны және есірткі заттарын тұтынудың салдары туралы бірнеше бейнероликтер көрсетті. Буклеттер мен материалдар және «Наркопост» журналы таратылды. Аталған акцияға түрлі оқу орындарының 500-ден астам оқушылары қатысты.

«Өз өміріңді көркемде!» республикалық акциясы

Айта кету керек, 2015 жылдың 11 айында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында полицейлер 4,7 тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі, оның ішінде 12,5 келіден астамы – героин.

Есірткі затарын сақтау, тасмалдау және өткізу дерегі бойынша 260 қылмыстық іс қозғалды Ал, 166 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 800-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 100-ден астам есірткі заттарын өткізетін орындар жойылды.