Дәрігерлер науқастың таныстарын іздейді

457
Науқас

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына ауыр дене жарақатымен түскен азаматшаға ота жасалды. Таңғы сағат 06:15 те науқасты жедел жәрдем бригадасы алып келген.

Науқас

Азият нәсілді азаматшаның аты-жөні белгісіз. Тәртіп сақшылары науқастың қайда, қалай жарақат алғанын анықтап жатыр.

Жедел жәрдем тобы 40-45 жастағы әйелді Төле би көшесі бойынан тапқан. Осыған орай дәрігерлер азаматшаның туыстарын іздейді. Науқасты танитындар болса, полицияға хабар берулерін сұранады.

Ернар Балабеков