Мемлекеттік пәтерлерге өтініш қабылдануда

316
Баспана кезегі

Шымкентте «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» («ҚИК»)арқылы берілетін пәтерлерге өтініштер қабылдау жалғасып жатыр. Құжаттар 24 желтоқсанға дейін қабылданады. Науқан басталғалы тұрғын үй секторында қаптаған жұрт. Ұзын-сонар кезек үш қабатты ғимаратты алып жатыр.

Баспана кезегіЖүздеген тұрғын баспана алуға құжаттарын тапсырып, мүмкіндікті пайдаланып қалмақ. Тіпті түске дейін мыңнан аса адамнан пәтер алуға өтініштер қабылданған. Солардың бірі – Шыңғыс Сұлтанғалиев. Ол екі күннен бері мекемені жағалап жүр.

ІІІ топ мүгедегі Тішжан Кенжетаева үшін де құжат тапсыру оңайға түспей тұр. Басыбайлы баспанасы жоқ тұрғын бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрады. 18 мың теңгеге де жетпейтін жәрдемақысы пәтерақысынан да артылмайды. Қолжетімді баспанаға қолым жетсе, бір қиындықты еңсерер едім дейді ол.

Биыл «ҚИК» тарапынан 500 пәтерді үлестіреді. 17 және Қайтпас-2 шағынаудандарынан бой көтерген көп қабатты үйлерде 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Алайда, бұл баспаналарды иемденудің өз шарттары белгіленген. Сондықтан мүмкіндік екінің біріне беріле бермейді. Құжаттар 24 желтоқсанға дейін қабалданады. Тұрғын үй секторының кеңсесі – Желтоксан көшесі, № 18 үйде.