Оңтүстікте халықаралық колледж салынады

225
халықаралық техникалық колледж
халықаралық техникалық колледж

Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстанда халықаралық техникалық колледж  салынатын болады. Аталған жобаға инвестиция тарту, техникалық және кәсіптік білім саласын нығайту мақсатында облыс әкімдігі мен Малайзияның «King Holding» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

халықаралық техникалық колледж

Өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен облыстың білім саласына, соның ішінде мамандар даярлауға инвестициялық жобаны тарту үшін малайзиялық инвестициялық компанияның өкілдері жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

халықаралық техникалық колледж

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Садырмен өткен кездесуде малайзиялық қонақтар Шымкент қаласында салынатын халықаралық техникалық колледждің құрылыс жобасын таныстырды.

халықаралық техникалық колледж
халықаралық техникалық колледж

Инвестордың қаражаты есебінен салынатын құрылыстың жалпы құны шамамен 3 млрд 600 млн теңге. Салыну мерзімі – 2 жыл. Колледждің 700 орынды оқу корпусы, 200 орынды жатақханасы болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар практикалық сабақтар өтетін шеберхана ғимараты, теннис, волейбол, баскетбол, футбол алаңы мен тікұшақ конатын алаң және өрт сөндіру, суда құтқарушы мамандарын даярлауда тренинг-тәжірибе сабақтарын өткізетін бассейн салу жоспарланып отыр.

Бұл оқу орнында инженер-механик, автокөлік инженері, электр инженері, төтенше жағдайлар бойынша өрт сөндіруші және құтқарушы, автоматика және электр, аспаз, наубайшы мамандықтары оқытылатын болады.