Оңтүстікте жергілікті полицияның қызмет үлгісі таныстырылды

534
Полиция

Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалдының төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметі моделін таныстыру рәсімі болып өтті.

Аталған презентацияға облыстық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Ержан, облыстың аудан, қала әкімдері, облыстық, аудандық және қалалық ішкі істер органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.

Областной акимат

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Болатұлы Мұхитов пен Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Асқар Шуашұлы Оспанов мәжіліске қатысушыларды жергілікті полицияның атқаратын қызметінің алғышарттарымен жан-жақты таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Полиция

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалды жаңадан құрылғалы жатқан полиция қызметінің жергілікті атқарушы органдармен қоян-қолтық жұмыс істеуге, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын бірлесіп жүргізуге, атқарылған тиімді жұмыстардың нәтижесінде халық сенімінен шығуға шақырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі