Тәуелсіздік күніне орай Шымкенттегі мерекелік бағдарлама

613
«Ордабасы» алаңы, 2014 жыл

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған Шымкенттегі іс-шаралар бағдарламасымен таныс болыңыздар.

11 желтоқсан

  • Облыстық өнер мектебі, 09:00 – «Тәуелсіздік жастар көзімен» ән-жыр байқауы

12-13 желтоқсан

  • Ардагерлер үйі, орталық саябақ, 10:00 – шахматтан қала біріншілігінің ашылуы

14 желтоқсан

  • №1 мектептің мәжіліс залы, 15:00 – Әл Фараби ауданы тұрғындарының қатысуымен тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

15 желтоқсан

  • М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ акт залы, 11:00 – Еңбекші ауданы тұрғындарының қатысуымен өтетін салтанатты кеш
  • Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің акт залы, 11:00 – Абай ауданы тұрғындарының қатысуымен өтетін салтанатты кеш
  • Назарбаев зияткерлік мектебі (физика-математика), 12:00 – Қаратау ауданы тұрғындарының қатысуымен өтетін салтанатты кеш

16 желтоқсан

  • Әл Фараби алаңы, 17:00-20:00 – Қазақстанның тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік бағдарлама, қаланың шығармашылық ұжымдары мен еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала концерт.

17 желтоқсан

  • ОҚО кәсіподақтар кеңесі, 10:00 – үстел теннисінен қала біріншілігі

Бағдарламаны Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әзірлеген