Зияткерлік мектебінің оқушылары көлік шеруін ұйымдастырады

556
Көлік шеруі
Фото: //today.kz

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары 2015 жылдың 13 желтоқсанында «Біз – тәуелсіз елдің ұландарымыз!» атты авто шеру өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналады.

Көлік шеруі
Фото: //today.kz

Іс-шараның мақсаты жастар арасында Қазақстандық патриотизмді насихаттау, елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар қуаты мол жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Шеру бағдарламасына сәйкес қатысушылары Ордабасы ауданындағы Ордабасы төбесіне, Шымкеттегі Наурыз алаңына және тәуелсіздік саябағына баруды жоспарлап отыр. Тәуелсіздік саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Бұл іс-шара қала және Қаратау ауданы әкімшіліктерінің қодауымен өткізіледі. Авто шеруде 10 автокөлік, 50 орындық 2 автобус және 11 орындық шағын автобус жолға шығады деп күтілуде.

Қатысушылар саны – 161 адам. Шеру сағат 10:00-де басталып, 14:00-де аяқталады.