Әкімге сұрақ қойыңыз

766
Сауалдарға арналған жәшік

15 қаңтардан бастап Оңтүстіктегі аудан-қала әкімдері халық алдында есеп береді. Биыл әр аудан әкімдері тұрғындармен үш рет кездесіп, емтихан тапсырады. Кездесу алдында, әдеттегідей, жәшіктер орнатылып, халықтан арыз-шағым мен өтініш тілектер жиналуда.

Қаратау ауданының әкімі биыл алғаш рет халық алдында есеп береді. Әкімдік мамандары аудан бойынша 7 жерге жәшік орнатыпты. Қазірдің өзінде өтініш-тілектерін қалдырып жатқандар көп. Айта өтейік, бұл ауданда 200 мыңнан астам тұрғын бар. Алғашқылардың бірі болып, өтініш жеткізген Рыскүл Әліпбаева. Ол №72 мектепте оқитын немерелерінің жүріп-тұруына алаңдайды.

Әкімге сұрақ қойыңыз

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, ауданда бар 30 елдімекенде коммуналдық мәселелерге байланысты проблемалар шаш-етектен. Ең көбі қалаға қосылған 17 тұрғын алабында тіркелген. Осы орайда жерлестеріміздің құжаттарын рәсімдеп, қалаға жақындастыруда бірталай іс атқарылыпты. Биыл 50 көше жөнделіпті.

Әкімге сұрақ қойыңыз

Қаратау аудандық әкімі жылдық есебін үш жерде өткізуді жоспарлап отыр. Әкімнің жұмысына баға беріп, көкейдегі мәселелерді ортаға салам деушілер Нұртас шағынауданындағы №72 және Ақжайықтағы №88 мектепте өтетін кездесуге қатыса алады. Соңғы кездесу Сайрам тұрғын алабындағы өзбек драма театрында өтеді.

Нұрлан Жаңабай