Оңтүстікте әмбебеп құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс бар

522

«Блок-ЮКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Оңтүстіктегі құрылыс торларын тоқуды алғаш болып бастаған кәсіпорын. «Даму» қорының қаржыландыруымен іске асқан кәсіпорнында әмбебап құрылыс материалдары шығарылады. Бұл үшін шикізатты компания Ресейден және Қарағандыдан арнайы сатып алады.

vlcsnap-2016-01-26-14h49m03s76

Давран Османов, цех басшысы: «Бізден шыққан тауарлар Оңтүстіктегі сауда орындарына жіберіледі. Көбіне сұраныс Түркістан қаласы және Сарыағаш ауданына келеді. Қазір Шымкентте тор тоқитын цехтар жетерлік. Бірақ жақсы сапасымен және беріктілігімен бәсекелесетіндер аз. Өндірісте сапалы өнімдер маңызды рөл ойнайды. Сондықтан біз тауардың дайындалуына және сапасына аса мән береміз.»

Айта кетейік, серіктестік «Даму» қорынан 55 млн теңге көлемінде несие алып, ісін бастаған. Бұл қаражатқа кәсіпорын Қытайдан арнайы автоматты түрде жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды сатып алыпты. Сондықтан, мұндағы жұмысшының атқаратын ісі аса ауыр емес.

vlcsnap-2016-01-26-14h48m51s205

Ал өндірістің жалпы көлемі бір ауысымда 40-50 тоннаны құрайды. Мұнда кәдімгі тордан бөлек сылау және дәнекерлеу торлары, тікен сымдар, шеге, профнастил сынды құрылысқа қажетті тауарлар шығарылады.