Шымкентте 14 сайлау округі тіркелді

212
Сайлау

Облыс аумағындағы сайлау учаскелері кезектен тыс сайлауға дайын. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев қала әкімдігінде өткен жиында мәлімдеді.

СайлауТөрағаның айтуынша, облыс бойынша 1074 сайлау комиссиясы тіркелген. Ал Шымкентте қала аумағының кеңеюіне байланысты сайлау округінің саны 14-ке жетіп отыр, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазір өңіріміздегі дауыс беру орындарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Комиссия төрағасы өз сөзінде кейбір елді мекендердің облыс орталығының аумағына енуіне байланысты өзгерістер болатынын да жеткізді.

Еске сала кетсек, еліміз бойынша мәслихат пен мәжіліске жалпы саны 3,5 мыңдай депутат сайланады деп күтілуде.