Шымкентте кез келген затқа сараптама жасайтын орталық бар

310
Сараптама

Оңтүстік жұрты көңілінде күдік ұялатқан кез келген бұйымға сараптама жасата алады. Ұлттық сараптау орталығының облыстағы филиал қызметкерлері қалың қауымға осындай мүмкіндік беріп отыр. Сарапшылар тағамнан бастап киім-кешек, құрылыс заттары, түрлі техникалар мен тұтыну тауарларының сапасын, химиялық құрамын және қауіпсіздігін тексереді. Мұнда, тіпті, магнитті толқын, шу мен діріл тербелісін анықтап беруге де мүмкіндік бар.

Сараптама

Айналы шкафтағы ойыншықтардың барлығы тексеруден өткен. Оның басым бөлігіне пайдалануға болады деген қорытынды жасалыпты. Мұнда тек ойыншықтар ғана емес, кез-келген тауар түріне зерттеу жүргізуге мүмкіндік мол.

Ал хромотография бөлмесінде тағам, су мен топырақтың улы химикат мөлшері анықталады. Нитрат көлемі де осында белгіленеді. Аталған орталықтың өзге бөлмесінде витаминдер мен дәрі-дәрмектерге зерттеу жүргізіледі екен.

[youtube]https://youtu.be/HYe64UhcjuU[/youtube]

Ол аз десеңіз, магнитті толқын күшін де айқындап береді. Тіпті кез келген жердегі шу мен діріл тербелісін де көруге болады. Адам ағзасына бұл құбылыстың кері әсер ететінін жақсы білетін мамандар қолдағы осындай қымбат құралдармен зерттеу жүргізуге дайын. Ол үшін орталыққа келіп, өтініш білдірсеңіз болғаны.

Бұл қызметтің ең басты артықшылығы – жеке тұлғалар тарапынан тексертуге алып келген заттардан немесе зерттеу жүргізілген аумақтан қандай да бір қауіптілік бары байқалса, оған шара көрілмейді. Қайта ахуалды түзеп, керекті кеңес беруге әзірміз дейді мамандар.

Мақсат Жақсыбаев