Шымкентте жас жігіттің мәйіті табылды

416
Мәйіт

Шымкентте Тәуке хан даңғылының бойынан кісі мәйіті табылды. Көпірдің үстінен табылған ер азаматтың денесі туралы суыт хабар 102 нөміріне түскен.

МәйітОқиға орнына Еңбекші полиция бөлімінің тергеу тобы шығып, марқұмның жеке тұлғасын анықтауға кіріседі. Сол күні-ақ оның тұрған мекен-жайы да белгілі болды.

Мәйіт жатқан жерге белгісіз жағдайда қаза болған азаматтың туыстары келді. Тергеу бөлімі бастығының мәліметінше, қайтыс болған азаматтың ағайындары мәйітке сараптама жасатудан бас тартып отыр. Олар құзырлы орган өкілдерінің ұлдарының денесіне пышақ тигізбей берулерін сұранған.

Айта кету керек, мәйіттен жеңіл жарақат іздері бары бірден байқалған. Ал сарапшылар марқұмның өмірін түнгі аяз қиюы мүмкін деген болжам айтып отыр.