Шымкенттегі аялдамаға қала картасы орнатылды

293

Қала көшелеріндегі аялдамаларда шаһардың картасы пайда болды. Бұл жаңалықты диспечерлік орталық мамандары енгізіп отыр.

"Ақылды" аялдама

Орталық басшыларының мәлімдеуінше, бұл карта жолаушыларға жолсерік болып, діттеген жеріне қажетті автобустарына отыруға бағыт береді. Картаны дистпечерлік орталық өз қаржысына қойған.

Алдағы уақытта өзге де аялдамаларда тап осындай ақпарат беретін карталар орнатылатын болады деп сендірді мамандар.