Жол апатына кінәлі азаматтың соты аяқталған жоқ

151
Айыпталушы

Шымкент маңында ірі жол апатын жасап, 5 адамды мерт қылған жүргізушіге қатысты сот процесі жалғасуда. Еске салайық, оқыс оқиға өткен жылы 21 шілде күні орын алған болатын.

АйыпталушыШымкент-Ташкент тасжолының 11 шақырымында «БМВ» автокөлігі жол апатына ұшырап, жүргізуші мен жолаушылар іште қысылып қалған. Төтенше жағдай департаментіне қарасты құтқару жасағаның қызметкерлері жол апаты болған жерге жеткенде жүргізуші мен үш жолаушы сол жерде мерт болғанын анықтады.

Куәгерлер құтқарушылар келгенше марқұмның екеуін көліктің кабинасынан шығарып алған.

Жүк көлігінің жүргізушісін Абай аудандық соты кінәлі деп тауып, оны 7 жылға көлік құралын басқаруға шектеу қойып, 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Шығарылған үкіммен жәбірленушілердің туыстары келіспей, облыстық сотқа шығым түсіріп отыр.