Данияр Мейірхан – Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің басшылығына үміткер

677
Данияр Мейірхан
Данияр Мейірхан

Шымкентте қалалық жергілікті полиция қызметі құрылды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 56-сессиясында осы мәселе қаралды. Жиында талқыланған негізгі тақырып – жергілікті полиция қызметін құру және оның жұмысын жандандыру болды.

Депутаттар
Депутаттар

Депутаттар тұрақты комиссияда талқылай келе қалаға қарасты аудандардағы жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына үміткерлердің тізімін анықтады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Данияр Мейірхан
Данияр Мейірхан

Атап айтқанда, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Мейрхан Данияр Мейрханұлы үміткер деп танылды. Данияр Мейрханұлы бұған дейін Сайрам АІІБ бастығы болып еңбек еткен. Жаңа басшы енді шаһардағы жергілікті полиция қызметінің жұмысын жандандыруға және тәртіп сақшыларының халық алдындағы беделін көтеру үшін еңбек етпек.

Сонымен қатар тұрақты комиссия мүшелері шаһарға қарасты төрт аудандағы құқық қорғау органдарының бастығы лауазымына үміткер азаматтардың атын атады.

Атап айтқанда Абай полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция майоры Арыстанбеков Руслан Бектайұлы, Әл Фараби ПБ бастығы лауазымына полиция полковнигі Кенжебаев Ерғали Мамырұлы, Еңбекші ПБ бастығы лауазымына полиция подполковнигі Серікбай Бегалы Серікбайұлы, Қаратау ПБ бастығы лауазымына полиция майоры Жұманов Сейдалы Оразалыұлы үміткер деп танылды.

Жергілікті полиция қызметінің басшылары үміткерді ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттары келісімін беру арқылы тағайындалады. Олар әкімдіктер мен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беретін болады. Бұндай есептілік полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады.