Облыс әкімі электронды билет жобасымен танысты

223
Валидатор

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловқа «Оңай» электрондық билет жобасы таныстырылды. Жобаны «Smart Card» компаниясының өкілдері ұсынып отыр.

ВалидаторАталған жоба дәстүрлі билет жүйесін автоматтандыру арқылы қоғамдық көлік жұмысын оңтайландыруды көздейді деп сендіреді мамандар.

Қазіргі таңда «Оңай» электрондық билет жобасы Алматыда жүзеге асып, Павлодар, Қарағанды мен Өскемен сияқты бірқатар қалаларда осы мақсаттағы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жоба авторларының айтуынша, аталған билет жүйесі шаһар тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ. Ең бастысы, жолақы төлемін ашық жүргізуді қамтамасыз етеді.

Электронды билет жүйесі бейнебақылаумен және орталықтандырылған төлем бақылауымен қамтамасыз етілмек. Айта өтейік, бүгінгі таңда Шымкентте 76 бағыт бойынша 1400-ге жуық қоғамдық көлік халыққа қызмет етіп келеді.