Облыстың әкімшілік-іскерлік орталығына – 1 жыл

484
Облыстық әкімшілік

Облыс әкімдігі және оған қарасты департамент пен басқармалардың жаңа әкімшілік іскерлік орталығына қоныс аударғандарына 12 ақпан күні тура 1 жыл толды.

Облыстық әкімшілікНұрсәт шағынауданында орналасқан жаңа ғимаратта облыс әкімінен бастап,он басқарманың қызметкерлері жұмыс істейді. Шенеуніктер мұнда коммуналдық төлемдер мен жанар жағармайды үнемдеп қана қоймай, көптеген мәселелер бір жерде шешімін табуға атсалысуда. Бұл – жұмыс уақытын үнемдеуге өз септігін тигізеді дейді мұндағы мамандар.