Шымкентте көп қабатты үйден өрт шығып, бір адам зардап шекті

198
Апатты медицина орталығы

Шымкентте көп қабатты үйден өрт шықты. Тәуке хан даңғылы бойындағы биік үйдегі бір пәтерден қою көк түтін будақтап шыққан. Мұны көрген көршілер дереу 101 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерге хабар береді.

Өрт

Суыт хабар кешкі сағат 7-де түскен. Оқиға орнына 9 арнайы техника және 18 өрт сөндіруші аттанады. Мамандармен бірге апатты медицина орталығының дәрігерлері де келген.

Апатты медицина орталығы

Құтқарушылар үйден 19 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Арасында жанып жатқан пәтерден шығарылған 36 жастағы азамат та бар. Ес-түссіз жатқан жігітке алғашқы көмек көрсетілген соң дереу жоғары қысымды оттегімен емдеу ауруханасына жеткізілді.

Апатты медицина орталығы

Қазіргі таңда жәбірленушіні қалалық №2 жедел жәрдем ауруханасына ауыстыруға дайындауда. Дәрігерлер бұл жігіттің бас-ми жарақатын алғанын анықтап отыр.

 

Қазір тергеушілер науқастың бас жарақатын қалай алғанын анықтап жатыр. Есін жинап, өзіне келгенін естіген тәртіп сақшылары дереу ауруханаға жеткен. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушіге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілгені оң нәтиже беріп отыр.

Өрт шыққан пәтердің жалпы аумағы – 36 шаршы метр. Оның 12 шаршы метрін тілсіз жау шарпыған. Үйде болған тұрмыстық техника, жиһазды өрт шалған. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда.