Шымкентте пәтер иесі үйінен мәйіт тауып алды

353
2013 жылы адам өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін жасы кәмелетке толмаған 11 бала бас бостандығынан айырылған.

Шымкент қаласының полицейлері кісі өлтірді деген күдікпен 22 жастағы жігітті тұтқындады. 19 қаңтар күні Абай полиция бөліміне 8-шағынаудандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен өлтірілген ер кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

2013 жылы адам өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін жасы кәмелетке толмаған 11 бала бас бостандығынан айырылған.

Оқиға орнына жеткен полицейлерге 59 жастағы жалдамалы пәтердің қожайыны үйін тазалап жүріп, кереуеттің астынан дене жарақаттарын алған адамның мәйітін тапқанын айтады. Тексеру кезінде марқұмның 32 жастағы Шымкент тұрғыны екені анықталды.

Аталған жайт Абай полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодестің 99-бабымен іс қозғалды.

Арада көп уақыт өтпей іздестіру барысында 1994 жылы туылған қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол істеген қылмысын толығымен мойындап отыр.

Сол күні екеуінің арасында жанжал орын алып, нәтижесінде күдікті өзінің танысын буындырып өлтірген екен. Ары қарай мәйітті кереуеттің астына жасырып, қашып кетеді.

Қазір қылмыс жан-жақты тексерілуде. Күдікті қамауға алынып, айғақ заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.