Шымкентте жеңіл көліктен өрт шықты

408
Көлік өртенді

Шымкентте автокөлікке қатысты тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы да жеңіл көлік өртенген.

Көлік өртенді

Келеңсіз жағдай 25 ақпан күні кешкі сағат 6 шамасында тіркелді. Сасбұқаев көшесінің бойында тұрған жеңіл көліктен өрт шығады. Ауди көлігінің жанып жатқанын көрген куәлер тез арада өрт сөндірушілер мен полицияға хабар береді.

Полиция

Өрт сөндірушілер көліктің мотор жағынан шыққан жалынды сөндіріп, тілсіз жаудық салонға өтуіне жол берген жоқ. Абырой болғанда адамдар зардап шекпеді. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Қазір өртке қарсы қызметтің анықтаушылары ұшқынның неден шыққанын тексеріп жатыр.

Көлік өртенді