6 наурыздағы сенбілікке тек ер-азаматтар шығуы мүмкін

388
Сенбілік

Шымкентте 6 наурыз күні өтетін жалпы халықтық сенбілікке тек ер-азаматтар шықса деген ұсыныс айтылды. Қаладағы Еңбекші ауданының тұрғындары тазалық шарасына тек ерлер шығып, қыз-келіншектерге мерекесі қарсаңында әрі сыйлық, әрі жеңілдік жасаса дегендер болды.

Сенбілік

Айта кету керек, бұл ұсыныс көпшіліктің қолдауын тауып, оған еркектер де қарсы бола қойған жоқ. Енді Абай және Қаратау ауданының ер-азаматтары бұл ұсынысқа не айтарын сол аумақта өтетін жиындарда белгілі болады.