Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік әйелдерін мерекемен құттықтады

245
Облыс әкімі аналарды құттықтады

8 наурыз – әйелдердің халықаралық күні мерекесіне орай өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ардақты аналар мен аяулы аруларды құттықтады. Мерекелік жиынға қоғамның дамуы мен тәуелсіз еліміздің демографиялық өсіміне үлес қосып жүрген көп балалы аналар, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер, бизнес бастап, кәсіптен нәсіп тапқан кәсіпкерлер мен қаламы қарымды журналист ханымдар жиналды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі аналарды құттықтады

Сұлу да табысты қыз-келіншектерді төл мерекесімен құттықтаған облыс әкімі оларға арнайы сый-сияпат жасады.

 – «Алып та, ақын да – Анадан туады». Бұл – біздің дана халқымыздың сөзі. Бәріміз Анадан тудық, – дейді өңір басшысы. – Ана – өмірдің бастауы, мейірімнің бұлағы. Әр күнімізде біз әйелдің қоғамдағы орны мен рөлін жете түсініп, үлкен құрмет көрсетіп отырамыз. Сіздер, еліміздің көркеюіне белсене атсалысып, барлық салада абыройлы жұмыстарыңызбен көпшіліктің құрметіне бөленген жансыздар.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы халықтың саны 2 млн 840 мың адамнан асса, соның 1 млн 400 мыңнан астамы – әйелдер қауымы. Олардың экономикалық тұрғыдан белсенділері 73,3 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда арулар өңіріміздің дамуы үшін қоғамымыздың түрлі салаларында еңбек етіп келеді.

Облыс әкімі аналарды құттықтады

Мәселен, мемлекеттік қызмет саласындағы қыз-келіншектердің үлесі 36,8 пайыз болса, білім саласындағы педагогтардың 73,2 пайызы, денсаулық сақтау саласындағы білікті дәрігерлер мен мамандардың 86 пайызы нәзік жандылардан тұрады.

Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы 80 мыңнан астам сәби туылып, 150 мыңнан астам әйел көп балалы ана ретінде тіркелген. Осы күнге дейін жалпы облыста 30753 ана Елбасы жарлығымен «Алтын алқа» иесі атанып, 41621 келіншек «Күміс алқа» белгісімен марапатталған.

Мерекелік шара кешкі сағат 18:00-де облыстық орыс драма театрында «Ана-Нұр-көктем» атты концерттік бағдарламамен жалғасын табады.