Даңқ мемориалын жөндеу басталды

260
Мемориалды жөндеу

Бүгін белгілі болғандай, Шымкенттегі даңқ мемориалында көктемгі жөндеу жұмыстары басталды. Ауа райына байланысты қираған мәрмәр тастар қайта қалпына келтіріліп, ескерткіштер жөнделіп жатыр.

Мемориалды жөндеу

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 10 миллион теңге қаралған. Сала мамандары мемориал маңындағы ақауларды қайта қалпына келтіру үшін тағы да 40 миллион теңге қажет екенін айтады.

Мемориалды жөндеу

Қазіргі таңда мердігер компания қолда бар қаржыға жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Қазіргі таңда әскери техника қойылған алты нысандағы жұмыс толығымен аяқталған. Айта өтейік, осыдан алты жыл бұрын даңқ мемориалында қайта құру жұмыстары өткен еді.