Мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасарына сот үкімі шықты

309
Пара

Оңтүстікте мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы А.С. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі жетекшісінің орынбасары өзінің қызмет бабын жеке басының мүддесі үшін асыра пайдаланаған деп хабарлайды ОҚО сотының баспасөз қызметі.

Пара«Басқарма басшысының орынбасары К есімді азаматты 1000 АҚШ долларына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген. Айыпталушы мұнымен қоса Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты аудандық мәдениет үйі басшылығының бұйрығымен құрылған жұмыс комиссиясының мүшесі бола отырып, өзінің қызметтік кабинетінде С. есімді азаматтың жұмыс атқарғаны жөнінде актіге қол қоюы үшін 20 мың теңге алған.

Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық сотының үкімімен айыпталушы А. кінәсі дәлелденіп, 1 189 200 теңге көлемінде айыппұл төлеуге кесілді. Бұған қоса мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды» делінген хабарламада. Қазіргі таңда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.