Шымкентте көктемгі егіс басталды

221
Шымкентте көктемгі егіс басталды

Шымкентте көктемгі егіс басталдыШымкентік шаруа қожалықтары көктемгі көкөніс егуге кірісіп кетті. Биыл үкіметтен берілетін субсидияның жоғына қарамастан еңбекші қауым өз істерін дөңгелетіп жатыр.

«Береке» өндірістік кооперативі 100 гектар алқаптың 40 гектарына қызанақ, қияр, қырыққабат, кәдіш егіп үлгерген. Оның соңғысын биыл алғаш рет отырғызған қожалыққа қазірдің өзінде Ресейден сұраныс түсіпті.

Жалпы, Шымкенттік бағбандар өткен жылы 41 гектарға қызанақ, 76 гектарға қияр еккен. Олар биыл да сол межеге жетуді көздеп отыр.